«Аватар» фильмін қазақ тілінде көре аламыз ба?
24 Қыркүйек 2022

«Аватар» фильмін қазақ тілінде көре аламыз ба?

БҚО-ға орыс көші жалғасуда
24 Қыркүйек 2022

БҚО-ға орыс көші жалғасуда

Жыл басынан бері Ресейден Қазақстанға 1,6 миллион адам келген
24 Қыркүйек 2022

Жыл басынан бері Ресейден Қазақстанға 1,6 миллион адам келген

Бүгін көптеген қалада ауа сапасы нашарлайды
24 Қыркүйек 2022

Бүгін көптеген қалада ауа сапасы нашарлайды

Оралда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен
24 Қыркүйек 2022

Оралда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен

Жымпиты тойға дайындық үстінде
24 Қыркүйек 2022

Жымпиты тойға дайындық үстінде

28.09.2021, 14:35
Оқылды: 106
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау – басты назарда

Кәсіпкерлік субъектілері де елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Сол себепті де бизнесті қорғау әрқашан прокурорлық қадағалаудың басты бағыттарының бірі болып табылады.

45

Президент Жолдауларында бизнесті дамыту, салықтық әкімшілендіруді оңайлату, бақылау-қадағалау функцияларын тексеру мәселелері әрдайым басты бағдар ретінде көрсетеді. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында 2019 жылғы желтоқсанда елімізде тексеру жүргізуге мораторий енгізілді.

Бас прокуратура "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, проблемаларды уақтылы анықтау және шешу үшін "Бизнесті қорғау жөніндегі 2021 жылға арналған Жол картасы" әзірленді.

Жедел әрекет ету үшін Бөрлі ауданы прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильді топ жұмыс істейді. Оның құрамына барлық мүдделі органдар тартылды.

Әр түрлі әкімшілік кедергілерді анықтау үшін мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері мен құқық қолдану практикасына тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Анықталған жағдайда прокурорлық ден қою актілері енгізіледі, заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізуге бастама жасалады.

Мысалы, биыл аудан прокуратурасы микрокәсіпкерлік субъектісін заңсыз тексеру және әкімшілік жауапкершілікке тарту фактісін анықтады. Қабылданған ден қою шараларымен тексеру заңсыз деп танылды, әкімшілік жаза жойылды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша заңсыз конкурстардың күшін жою жолымен 11 кәсіпкердің адал бәсекелестікке құқығы қалпына келтірілді.

Сотқа дейінгі тергеу басталғаннан бастап сот актілері шығарылғанға және заңды күшіне енгенге дейін қылмыстық шеңберге тартылған кәсіпкерлердің құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері тұрақты бақылауда.

Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың басынан бері Атамекен палатасының алаңында 2 кездесу өткізілді. Кәсіпкерлік кодекс нормалары түсіндірілді, кеңестер берілді. Аудан әкімдігімен, Мемлекеттік кірістер басқармасымен, "Атамекен" палатасымен бірлесіп кәсіпкерлерге арналған дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Алмас Унаев,

Бөрлі ауданы прокурорының орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале