13.07.2021, 19:25
Оқылды: 2

Кәсіптің берекесін көруде

Бүгінгі күні әйелдердің экономикалық мүмкіндігі және олардың жалпы еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі күн санап артып отырғаны баршамызға мәлім. Сол себепті әйелдердің ел бизнесіндегі деңгейі едәуір жоғары.

E3C7F5D1-4A87-4A6D-845F-3F6A26F4056F

Мемлекет тарапынан да іскер адамға түрлі мүмкіндік пен қолдаулар көрсетіледі. Осы орайда айтулы қолдауға ие болған іскер әйелдердің бірі – тасқалалық Мейрамгүл Әжғалиева.

Мейрамгүл Төлегенқызының білімі жоғары. Өзі Амангелді ауылының тумасы. Қазіргі уақытта «Нурила» жеке кәсіпкері болып тіркеліп, өз ісін дөңгелетіп отырған нәзік жандылардың бірі. 2014 жылы алғашқы рет «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» аясында кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде 6 пайызбен шағын несие алып Амангелді ауылынан тігін цехын ашқан болатын. Ол шағын несиесін толықтай жауып, өз ісін әрі қарай дамыту мақсатында Тасқалада яғни аудан орталығынан тігін ательесін ашты. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкер халықтың сұранысын толықтай қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, өткен жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында шағын несие алып маталар дүкенін ашуға бел буды. Қазіргі уақытта қаржыны толықтай игеріп, қажетті құрал-жабдықтарын алып, Тасқала ауылында дүкенін ашты. Жеке кәсіпкер қазіргі уақытта кәсібін одан әрі жандандыра түсуде.

Бұған қоса, Мейрамгүл Әжғалиева аудан бойынша Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі болып табылады. Аталмыш кеңестің қолдауы мен ықпалының арқасында бүгінгі таңда «Мейрамгүл» тігін курсын ашып, жалпы тігу-пішудің қыр-сырын үйренемін деген ниет білдірушілердің алғысына бөленіп жүр. Сондай-ақ тігудің барлық бағыттарын үйрету курстары үнемі жалғасын тауып отыратынын атап өткіміз келеді.

Жания Абдрахманова,

халықты жұмыспен қамту орталығының бөлімше басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале