18.11.2021, 12:05
Оқылды: 70

Каспий жағасынан жүлделі оралды...

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ақын-жырау Қашаған Күржіманұлының 180 жылдығына орай Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Маңғыстау облыстық ғылыми әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен қараша айының 16-сы күні Маңғыстау телеарнасының қазақ ақын-жыраулары мен сазгерлерінің есімін әйгілеп, елге таныстыру, шығармашылығына талдау жасау және кеңінен насихаттау мақсатындағы "Сөз бен Саз" бағдарламасының "Менің атым - Қашаған!" атты кезекті 40 - 41-ші республикалық байқауы өткізілді.

258468246_2278094382497265_4810447854777191026_n

Жыр сайысында Сырым ауданынан қатысқан Армат Алдамжаров ІІІ орынды қанжығаға байлап, Каспий жағасынан жүлделі оралып отыр. Оған 100 мың теңге сыйақы мен арнайы домбыра табыс етілді.

Жыршылар мен мәнерлеп оқу шеберлері, суретшілер байқауына еліміздің Алматы, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Атырау қалалары мен Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан қатысқан 54 үміткерден 18-і іріктеліп, финалда бақ сынады.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале