21.11.2023, 17:14
Оқылды: 14

Қауіпсіздік бойынша профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр

Жәнібек ауданы аумағында, тұрғын үй секторында төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында аудандық төтенше жағдайлар, полиция, газ шаруашылығы, электр торабы бөлімдерінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп аудан аумағында орналасқан жатақханаларда және көпқабатты тұрғын үйлерде рейд жүргізді.

402881317_885536050242737_2936627393055024851_n

 Рейдтік шарада тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі, жылу беру кезеңіндегі қауіпсіздік, электроаспаптарды қолданған кездегі қауіпсіздік, улы газ, қыс мезгіліндегі қауіпсіздік, балалардың терезеден құлау бағытында тұрғындармен түсінік жұмыстар жүргізіліп, қауіпсіздік бойынша жадынамалар таратылды.

Жылыту пештерді бақылаусыз қалдырмау, пештің горизонтальді және вертикальді бөлігін 38 см кем болмайтын етіп қалау, еден күймейтіндей пештің алдына көлемі 50x70 см каңылтыр қағу, шатырдағы мұржа және барлық түтін өтетін жолдарды сылау, жылу беру мерзімі алдында және сол мезгіл бойы әр үш ай сайын пеш мұржасын күйеден тазартылуы керек.

Сонымен қатар зауыттан дайындалмаған электр жылыту аспаптарын пайдаланбау ұсынылады.

Үй жиһаздарын және басқа да жанғыш заттарды газ жабдығынан 20 см қашықтыққа қою, шатырларды және аула аумағын жаңғыш күл қоқыстан тазарту, шаруашылық құрылыстарды сылау (ақтау), күл-қоқыс үшін металл бөшке орнату немесе құрылыстан 10 метр қашық жерге көміп тастау.

Түрғын үйге іргелес аумақты жаңғыш күл-қоқыстан, кұрғақ шөптен тазарту. Тез тұтанғыш және жанар-жағармай кұйылған бөшкелерді, сондай-ақ газ толтырылған баллондарды өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сай сақтау, газ қондырғыларын газ пайдалану ережесіне сай жүргізу және қолдану, тұрғын үйді өрт өшіргішпен, су толтырылган бөшке және шелек, затымен камтамасыздандыру турасында түсінік жұмыстар жүргізілді.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі ересектер жоқ кезде кішкентай балаларға өздігінен пеш жағуды немесе жанып жатқан пешті қарауға рұқсат бермеуді, өрт байқаған кезде жедел түрде өрт сөндіру бөліміне «101» телефон арқылы хабарласуды, өрт кезінде ғимараттан, тұрғын үйден  шығып, өзіңізге өте қажетті құжаттар мен бағалы заттарды алып шығуды, өрт туралы көршілерге хабар беріп, газ құбырлары мен электр желілерін ажыратуды, тұрғын үйде электрқондырғылар мен электрсымдарды қадағал жүруді басты назарға қойып, тұрғындарды ескертеді.

Өрттің 73 пайызы тұрғын үйлерде болған.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале