22.09.2022, 18:00
Оқылды: 50

Қауіпсіздік - күн тәртібінде

Бөкей ордасы аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен шекара қауіпсіздігіне арналған жиын өтті. Басқосудың күн тәртібінде ҚР Мемлекеттік шекарасының Бөкей ордасы ауданының аумағында орналасқан учаскесін күзету және қорғау бойынша атқарылған іс-шаралардың қорытындылап, ІV тоқсанға нақты тапсырмалар мен міндеттерді анықтау мәселелері қаралды.

IMG-20220922-WA0091

Аталмыш жиынға ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің БҚО Жәнібек ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының у.м.а Айдар Есенсарин, «Орда» шекара бөлімшесінің бастығы Иманғали Дурманов, «Шоңай» шекара бөлімшесінің бастығы Нүркен Бекжигитов, Сайқын, Мұртсай ауылдық округ әкімдері және тиісті мекеме қызметкерлері қатысты.

- Әлемдегі қарбалас, қақтығыс тек шекарашылардың ғана емес, шептегі ауыл тұрғындарының да шекара қауіпсіздігіне асқан сақтықпен, үлкен жауапкершілікпен қарауын талап етеді. Күні кеше 21 қыркүйекте көршілес елдің президенті Владимир Путин Ресейде ішінара әскери мобилизациясын жариялаған болатын. Осы жарлыққа байланысты шекара пункттерінде белсенділік байқалады. Мысалыға, күні бүгінге дейін шекарадан өтушілердің саны 100 адам болса, қазіргі таңда аталмыш көрсеткіш екі есеге артып отыр.

IMG-20220922-WA0092

Осыны ескере отырып, жиынға қатысушыларын белсенділік танытып, шекара қызметкерлеріне көмектесуге шақырамыз. Әрине, қазіргі таңда заңсыз шекарадан өту фактілер тіркелмесе де, аталмыш жағдайды болдырмау үшін бірігіп жұмыстануымыз қажет. Егер де аудан аумағында бейтаныс азаматты көрсеңіз, міндетті түрде тиісті органдарға хабарласуыңызды сұраймыз. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдерін шекара бөлім басшыларымен бірігіп, аталмыш жағдайға қатысты жиын өткізулері сұралады. Жергілікті халықпен кездесіп, заң бұзушылыққа жол бермеуге шақырайық, -деді Айдар Есенсарин.

IMG-20220922-WA0093

Өз кезегінде аудан басшысы ауылдық округ әкімдеріне осы айтылған тапсырманы орындауды тапсырды.

- Иә, көршілес елдегі жағдайды ескерсек, заңсыз шекара бұзу фактілері орын алу мүмкіндігін жоққа шығармауымыз қажет. Шындыққа келгенде шекаралас аудан болғасын Волгоград, Астрахан облыстарында жергілкті тұрғындардың тума-туыстары жеткілікті. Дегенмен, заңсыз шекара бұзу фактісі қылмыс екенін, ал оған көз жұма қараған азаматтардың жауапкершілікке тартылатынын түсіндіру біздің мақсатымыз, - деді Нұрлыбек Даумов.

Еркебұлан Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале