12.07.2022, 23:15
Оқылды: 44

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндер — футбол алаңында

Жәнібек ауданы орталығындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 30 жыл толуына орай шағын футболдан аудандық турнир өтті.  Турнирге құтқарушылар, ішкі істер, шекара және ұлттық қауіпсіздік комитетінің командалары қатысты.

8F279EEC-F2EE-4940-B96B-3C3773C9F4DF

Турнирдің ашылу салтанатында Ұлттық қауіпсіздік комитеттінің Жәнібек ауданы бөлімінің басшысы, подполковник Асылхан Оразғалиев кәсіби мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көрінуге тілектестігін білдірді.

C1165A9F-2677-44CC-B914-D11737C581B0

Жарыстың қорытындысы бойынша 1, 2, 3-орындарды сәйкесінше шекара, ішкі істер бөлімі және ұлттық қауіпсіздік комитетінің командалары иемденді. Жарысқа белсенді қатысқаны үшін құтқарушылар командасы марапатталды. Сонымен қатар,«Үздік ойыншы»,« Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» аталымдарына тиісінше Еламан Шурин, Мерей Несіпбаев және Шапағат Орынғалиев ие болды.

Жарысқа қатысушы спортшыларға медаль, диплом, кубок және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Лаура Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале