24.01.2022, 16:30
Оқылды: 47

Қазақ жырының Қадыры

Қазақ поэзиясының ақтаңгері, ақын Қадыр Мырза Әлі бұл өмірде болса 87 жасқа толар еді. Осыған орай Дариян және Озерный ауылдық кітапханашылары «Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын» атты әдеби кеш өткізді.

18
Шараның ашылу сәтінде кітапханашы Д. Ғизатова мен Озерный ауылының кітапханашысы М. Еременко ақынның өмірбаянынан мағлұмат беріп,  жиналғандарға Қадыр Мырза Әлінің бейнесін аша түсті.

Кейін Абай мектеп-гимназия-интернатының 9 сынып оқушылары ақын туралы ойларымен бөлісіп, өздері оқыған және ел ішінде сақталған естеліктерді айтып берді. Сол сияқты жас оқырмандар С. Салатова, Ш. Есетов, А. Русланқызы ақын сөзіне жазылған әндерді нақышына келтіре орындап, өлеңдерді жатқа айтты.

Шара соңында Дариян ауылдық кітапхана меңгерушісі Ш. Сұлтанғалиева «Елі қадірлеген Қадыр» атты көрмені таныстырып, библиографиялық шолу жасады.

Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале