4.04.2023, 15:00
Оқылды: 10

«Қазақконцерттің» бұлбұлы,  «Астана сазының» күмбірі...

Жақында Бөрлі аудандық мәдениет үйінде Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының өнер көрсетуі  Бөрлі ауданының мәдениет тарихында алтын әріптермен жызылып қалады.

169d32b3-8f05-493e-a591-814eee78e11d — копия

Осынау мәдени өміріміздегі елеулі оқиға мұнайлы, шырайлы өлке, берекелі Бөрліге деген жыр арнаудан басталғаны көрермендерге қатты ұнады. Отандық мәдениеттегі ең ірі, ең іргелі ұйымның концерттік тобы  арнайы бағдарламамен бірге біздің сұлу Ақсайымызға арнайы жыр-толғау дайындап келгені көңілді көтеріп ақ тастады. «Ел бірлігі – жаңа Қазақстан» жобасы аясындағы  концерт Қазақ мемлекеттік «Астана сазы» фольклорлық ансамблінің күмбірлі күйлерімен басталды. Құрманғазы мен Динаның күйлері армансыз дүбірледі.

0fcecc2a-87b4-4e08-8007-1ff74936c7d5

Ансамблдің құрамындағы майталман күйшілер мен қобызшы, сырнайшылар да жеке-жеке өнер көрсетіп, құлақ құрышын қандырды. А.Альмадиев, Ә.Дүйсенбай, П.Тұраровалар халық әндері мен эстрада әндерін кезектесе шырқаса, әнші Райым Уайыс пен жастардың сүйікті ән тобы «Меломан» тыңдармандарын тәнті ете алды.  Аталған концерттің ең қызық жері  әнші Нұрболат Арзамасұлының бір деммен  10 шақты ұлттың тілінде  ән салғаны болды. Мұндай талантты көрген де арманда, көрмеген де арманда болса керек.

0714187b-ae13-4a97-98b3-70a312c50e1e

«Ақсайға осымен үшінші рет жол түсіп тұр. Үшеуінде де ұнады», - деген Қазақстанның халық әртісі Бағдат Сәмидинованы тыңдаудың өзі бір ғажап болды.

 Концерт «Қазақстан» әнін шырқаған атақты әншіні көрермендердің тік тұрып қошеметтеуімен аяқталды. Зал толы көрермен екі сағаттық концертті тапжылмай отырып тыңдады. Ерекше кеш сыйлаған өнер ұжымына аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов аудан әкімі Еркебұлан Ихсановтың атынан алғыс айтып, тыңдармандардың ризалығын жеткізді. Аудан әкімінің ықылас гүлі сахна төрінен орын алды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале