27.04.2023, 21:21
Оқылды: 33

«Қазақстан барысына» үміткер анықталды

«Орда» спорт клубының ұйымдастыруымен қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің аудандық кезеңі өтті.

WhatsApp Image 2023-04-27 at 11.18.20 (2)

Әдеттегідей, еліміздің Әнұранынан басталған сайыстың ашылу салтанатында аудан басшысы Нұрлыбек Даумов сөз сөйлеп, қазақстандықтардың тарихында аталмыш спорт түрінің маңыздылығына тоқталып, барша қатысушыларға сәттілік және әділ сайыс көрсетуге тілегін білдірді.

WhatsApp Image 2023-04-27 at 11.18.20 (4)

Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков батасын бағыштап, аудан басшысының тілектеріне қосылды.

WhatsApp Image 2023-04-27 at 11.25.13

WhatsApp Image 2023-04-27 at 11.25.14

WhatsApp Image 2023-04-27 at 11.25.13 (1)

WhatsApp Image 2023-04-27 at 11.18.20 (5)

Көк кілем үстінде ауданымыздың 12 палуаны (8 өгіз палуан және 4 түйе палуан) күш сынасты.

Сайыс қорытындысында, «өгіз палуан», 90 келіге дейін салмақ көрсеткішінде І орынды Нұрбек Ғазезов (Сайқын ауылы) қанжығасына байласа ІІ және ІІІ орынды Асылхан Шапиев (Хан ордасы ауылы) пен Мейрам Ғазезов (Бисен ауылы) өз ара бөлісті.

WhatsApp Image 2023-04-27 at 11.33.38

Ал «түйе палуан», 90 келіден жоғары салмақ көрсеткішінде мықтылығын танытқан Баймырза Меңдешев (Сайқын ауылы) жеңімпаз атанса,  екінші орын иегер атағына Тұйғынбек Жұмағазиев (Сайқын ауылы) ие болды. Ал Алихан Алмадиев (Хан Ордасы ауылы) ІІІ орынға табан тіреді.

Жеңімпаздар 9-10 мамыр Сырым ауданында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.

 

Темхар Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале