7.08.2020, 15:43
Оқылды: 54

Казталов әкімі жас мамандарды қабылдады

Бүгін Казталов ауданы әкімі Альберт Есалиев ауданымыздың медицина саласына келген жас мамандарды қабылдады. Айта кету керек, жас мамандардың 8-і (6 дәрігер, 2 фельдшер) №1 аудандық ауруханада, ал 5-уі (3 дәрігер, 2 фельдшер) №2 аудандық ауруханада қызметтерін атқарып жатыр.  

AC7D57DE-AF46-4834-80A5-7B8FD6D61D3A

Қабылдауда аудан басшысы мамандармен жеке-жеке танысып, ауданның медицина саласындағы жетістіктеріне тоқталды. Альберт Темірболатұлы:

- Байқап отырмын, сіздердің көпшілігіңіз Казталов ауданының тумалары екенсіздер. Осындай қиын уақытта алған білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізді туған жердің игілігі үшін пайдаға асырып, туған еліңіздің халқының денсаулығын жақсарту үшін қызмет етуге шешім қабылдапсыздар. Ауданға қош келдіңіздер! Алдағы уақытта сіздерге шамамыз келгенше қолдау жасаймыз, - деген ризашылығын білдірді.

7310843A-2DDC-4887-9FCC-85F6F7C412E4

Қабылдауға қатысқан жас мамандар алдында аудан басшысы қауіпті дерт кезінде аянбай еңбек етіп, өз денсаулықтарын қатерге тіккен №1, №2 аудандық аурухана ұжымына және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы ұжымына аудан тұрғындары атынан алғысхаттар табыстады.

Қабылдау кезінде «Жиенбай» ЖШС-нің директоры Александр Қарағойшин құны 2 млн. 400 мың тұратын 4 ауа концентраторын аудандық ауруханаға сыйға тартты. Бұған дейін аудандағы кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басын біріктіріп, дертпен күресуге жылу жинаған «Мүслім» шаруа қожалығының жетекшісі Махамбет Тайгарин де провизорлық орталықтарға біраз медициналық құралдар мен дәрі-дәрмектер алып берді. Осы азаматтардың қолдауына тәнті болған аудан әкімі Альберт Темірболатұлы қабылдауда өз ризашылығын білдіріп, кәсіпкерлерді алғысхаттармен марапаттады.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Мейрамгүл Ғарифуллина, дәрігер-педиатр, Марат Оспанов атындағы Ақтөбе медициналық университетінің түлегі:

- Бүгін бізді аудан әкімі Альберт Темірболатұлы арнайы қабылдап, жылы лебізін білдірді. Мен өзім Болашақ аулындағы амбулаторияға дәрігер-педиатр болып қызметке тұрдым. Жұмысын енді ғана бастап жатқан біз секілді жас мамандар үшін аудан басшысының қолдау білдіріп, жылы қабақ танытуы зор мәртебе. Болашақта аудан халқына адал қызмет еткім келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале