29.06.2022, 17:30
Оқылды: 47

Казталов ауданы 100% табиғи газбен қамтылады

Казталов ауданында елді мекендерді газдандыру жыл сайын жүзеге асып келеді. 2020 жылы Көктерек, Оразғали, Жұлдыз және Көмекші ауылдарына табиғи газ өткізілген болса, былтыр Талдықұдық, Кішіталдықұдық, Бестерек, Кішкенешал елді мекендеріне көгілдір отын жеткізілген.

8f4a9a55-22ed-4a0c-957e-c00811cac379

-Былтыр 16 елді мекенге газ өткізу жұмысы басталып, биыл іске қосу жоспарлануда. Нәтижесінде ауданның барлық елді мекені 100% табиғи газбен қамтылады.

Алдағы уақытта газ өткізілген 8 ауылдағы 24 әлеуметтік нысанға газ өткізу мәселесі күн тәртібінде тұр. Бізде 2 жоба жасақталып, дайын тұр. Бұл жобалар алдағы уақытта қаражат бөлінуіне қарай іске асады, - деді Казталов ауданы әкімі Рүстем Зулкашев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале