7.05.2026, 20:05
Оқылды: 9

Казталов ауданы әкімі еңбек ардагерін мерейтойымен құттықтады

Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов 80 жас мерейтойы қарсаңында еңбек ардагері, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан Мұқанғали Бақтығалиұлы Бектілеуовты қабылдады.
image-07-05-26-05-51
Кездесу барысында аудан басшысы Мұқанғали Бақтығалиұлының саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған қажырлы еңбегін ерекше атап өтіп, өңірдің электр жүйесі саласын дамытудағы, сондай-ақ қоғамдық өмірдегі белсенді қызметіне жоғары баға берді.
— Ғибратты ғұмырыңызда туған жерге адал қызмет етіп, ел мүддесін бәрінен биік қойдыңыз. Сіз саналы еңбек жолыңызда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, электр жүйесі саласында табанды еңбегіңізбен өңірдің өркендеуіне қызмет еттіңіз. Кәсіби біліктілік пен азаматтық жауапкершілікті қатар ұстанып, әрдайым ел сенімінен шығып, абырой биігінен көріне білдіңіз. Қоғамдық өмірде белсенділік танытып, ардагерлер кеңесінің жұмысын ілгерілетуге сүбелі үлес қостыңыз. Сіздің парасатты пайымыңыз бен өмірлік тәжірибеңіз кейінгі буынға өнеге болып, ұрпақ сабақтастығының алтын арқауына айналды, — деген аудан әкімі мерейтой иесіне шапан жауып, құрмет көрсетті.
Ұзақ жылдар бойы бір салада табан аудармай еңбек етіп, кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігінің арқасында абырой биігінен көрінген ардагердің өнегелі жолы кейінгі ұрпаққа үлгі.
image-07-05-26-05-51-1
Қабылдауда сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов еңбек ардагерінің жұмысына ризашылығын білдіріп, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы Мақсот Бергеннің алғыс хатын және «Құрметті ардагер» төс белгісін табыстады. Мұқанғали Бақтығалиұлы көрсетілген құрметке алғысын білдіріп, ел игілігі жолында атқарылған жұмыстардың маңыздылығына атап өтті.
Асылбек Нәсіпқалиұлы
Казталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале