10.05.2026, 9:49
Оқылды: 6

Казталов ауданы әкімінің орынбасары тыл еңбеккерлерін құттықтады

Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев Бостандық, Жалпақтал, Казталов ауылдарында болып, тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

0N6A1746

Атап айтар болсақ, тыл еңбеккерлері Мұса Төреғалиев, Бисенғали Айтжанов, Бақытжамал Жұмағалиева, Жамила Оспанованың шаңырағында болған Серік Ерболатұлы аудан әкімінің құттықтауын жеткізіп, мерекенің маңызын атап өтті.

— Сізді аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлының атынан Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн ерлік пен отаншылдық, ұлтжандылық сынды қасиеттер ұлықталатын мереке. Бүгінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлерінің де қатары сиреп бара жатыр. Біз ардагерлердің ерлігі мен батырлығын барында бағалап, құрмет көрсетіп, өскелең ұрпаққа дәріптеуіміз қажет, — деді аудан әкімінің орынбасары.

0N6A1763

Тыл еңбеккерлері де өз ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.

— Жолдасым бұл дүниеден өткен соң 9 баламен қалдым. Ең үлкені 20 жаста болды. Содан оларды өсіремін дегенше соғыс уақытынан кейін де бейнет көрдім. Дегенмен, тірі отырмын. Шүкір. Балаларым, келіндерім, немерелерім, шөберелерім, жиендерім бар. Соғыс уақытында талай бейнетті көрдік. Аштықты да көрдік. Қазір біздің қатарымыз сиреді. Келіп құттықтағандарыңызға рахмет! Дендерің сау болып, өнерлерің үстем болып, жұмыстарың өрге баса берсін. Біздің жамандығымызды көрмей, жақсылығымызды көріп, біздің жасымызға келіңдер. Жақсы тұрмыста, жақсылықта жүруді Алла нәсіп етсін! Соғыс көрмеңдер, — деді Казталов ауылының тұрғыны Бақытжамал Жұмағалиева.

Казталов ауданы әкімдігінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале