22.12.2023, 17:00
Оқылды: 104

Казталов ауданы: актив отырысында не айтылды?

Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұловтың төрағалығымен аудан әкімінің актив отырысы өтті. Актив отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, салалық бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері қатысты. 

image-22-12-23-04-12-2

Активте сөз алған аудан басшысы Казталов ауданының полиция бөлімінің бастығы лауазымына подполковник Марс Белгібаев пен Казталов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы лауазымына подполковник Біржан Баймұқанов тағайындалғанын таныстырды.
— ​Сондай-ақ өздеріңізге мәлім 10 желтоқсан күні ауданның үш ауылдық округінде округ әкімінің сайлауы өткізілген болатын. Сайлау қорытындысына сәйкес Бостандық ауылдық округінің әкімі болып Есбол Сақауов, Қараөзен ауылдық округінің әкімі болып Нұрхат Болаев, Қарасу ауылдық округінің әкімі болып Сұңғат Қажығалиев тағайындалды. Әріптестерімізге жаңа жұмыс орнында сәттілік тілеймін,- деді Асланбек Ахметоллаұлы.
Жиынның күн тәртібінде негізгі әлеуметтік-экономиалық көрсеткіштердің орындалуы, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының іске асырылуы және бюджеттік несиеден қалыптасқан берешектер туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетова, бөтеннің мүлкін ұрлау, соның ішінде мал ұрлығы қылмыстары және Республикалық маңызы бар Чапай – Жалпақтал – Казталов автожолының бойындағы үй жануарларымен жол көлік оқиғаларының алдын алу жөнінде аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Марлен Қарабаев баяндап берді.
Сонымен қатар актив отырысында Казталов ауданы көлемінде интернет алаяқтық қылмыстардың алдын алу барысын аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Марлен Сахметұлы, электронды еңбек шарттарын енгізу туралы аудандық мансап орталығы басшысының міндетін атқарушы Бақдаулет Әміровтың хабарламасы тыңдалды.
Ал 2024 жылдың І жартыжылдығына мерзімді баспасөзге жазылу бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Абешова айтып берді.
Жиын соңында көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы талқыланған мәселелерге тоқталып, округ әкімдері мен бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале