22.11.2023, 21:14
Оқылды: 54

Казталов ауданы: «Ауыл аманаты» – ауыл халқының тұрмысын түземек

«AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жоба аясында ауыл тұрғындары өз бизнесін ашуға немесе бұрынғы ісін кеңейтуге қажетті қаражат алуға мүмкіндік алып отыр. «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған.

IMG-20231122-WA0032

Аталмыш жобаға Казталов ауданы бойынша 696,6 млн.теңгеге алуға 114 өтініш жіберілген. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметін сараласақ, Казталов – 25, Бостандық – 8,​ Жалпақтал – 15, Ақпәтер – 3, Бірік – 5, Болашақ – 4,​ Жаңажол – 4, Көктерек – 8, Қайыңды – 4, Қараоба – 3, Қараөзен – 6, Қарасу – 8, Қошанкөл – 3, Талдыапан – 8, Талдықұдық – 1, Тереңкөл - 9 өтініш жолданған.

Бүгінгі таңда "Aqjaiyq" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 89 несие алушыға жалпы соммасы 563,5 млн.теңге несие берген. Сонымен ішінде, 53 жоба cүтті бағыттағы мал шаруашылығы, 1 жоба сүтті бағыттағы 13 бас асыл тұқымды ірі қара малдарын сатып алуға қол жеткізген. Ал 8 жоба етті бағыттағы мал шаруашылығына, 27 жоба ұсақ қара малын сатып алуға, 1 жоба асыл тұқымды 122 бас ұсақ қара малдарын сатып алуға бағытталған. Ауданымыздағы 1 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі мал шаруашылығы дамытуға несие алған.

Мұнымен қоса жобаға қатысып жатқан 14 несие алушылардың өтініштері мақұлданып, олар заң ескертулерін жоюда және кепіл және қарыз шарттарын ресімдеуде. Жалпы соммасымен есептегенде 74,9 млн.теңге алу көзделіп отыр. Тарататын болсақ, 9 жоба cүтті бағыттағы мал шаруашылығы, 2 жоба етті бағыттағы мал шаруашылығы, 3 жоба ұсақ қара малын сатып алуға негізделген.

IMG-20231122-WA0023

11 несие алушы жалпы соммасы 58,2 млн.теңге несие алудан бас​ тартқан.

«Ауыл аманаты» жобасына қатысып, несие рәсімдеп өз бизнестерін бастаған нәтижелі жұмыстар да жоқ емес.

Күні бүгінге 60 несие алушы 373,9 млн. теңгені игеруде. Атап айтсақ, қол жеткізген несие қаражатына сүтті-етті бағыттағы 414 ірі қара малы, етті 65 ірі қара, 1473 ұсақ қара малы сатып алынған. Сатып алынған малды бағуға 2236,7 тонна шөп, 31,9 тонна жем алынған.

«Ауыл аманаты» жобасының нәтижесі де жаман болмасы анық. Бүгінде бағдарлама шеңберінде 53 жаңа жұмыс орыны құрылды.

Казталов ауданында алдағы 2024 жылға «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 16 ауылдық округте кеңсе жобасы құрылып, әрбір аулалар бойынша скрининг жұмыстары жүргізілуде. Жобаға қызығушылық танытып жатқандардың қарасы қалың.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале