28.03.2024, 23:40
Оқылды: 50

Казталов ауданы: Болашақ ауылына су тасқынынан қауіп жоқ

Казталов ауданы Болашақ ауылдық округі бойынша тасқын судың алдын алу жұмыстары жоспарлы түрде жүріп жатыр. Жағдай әкімдік тарапынан қатаң бақылауға алынған. Округте төтенше жағдайлардың алдын алуға жасақталған жұмыс тобы тәулік бойы кезекшілікке тұрып, жұмыс атқаруда. Күндіз-түні елді мекендердегі қауіпті деген жерлер ауыл азаматтарының күшімен жырылуда.

Су Казталов 2024

"Тасқала-Аққурай-Болашақ" автожолының төрт жерінде еріген қардың суы шаю фактілері орын алғанымен, көлік қозғалысына шектеу қойылған жоқ.

казт

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале