2.03.2024, 17:30
Оқылды: 13

Казталов ауданы: қос ұжымға алғыс айтты

Кеше Казталов аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Айша Абешева  «Алғыс айту күні» мерекесіне орай  Жалпақтал ауылындағы №2 аудандық аурухана мен Жалпақтал дәстүрлі өнер орталығының қос ұжымын айтулы мерекемен қызу құттықтап, аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың атынан ұжым басшыларына алғысхат табыс етті.

20240301155820_IMG_5955

Өздерінің шынайы еңбектерінің арқасында халықтың зор ықыласына бөленіп, алғысқа ие болған қос ұжым қызметкерлері атаулы мерекемен құттықтап, алғыс білдіргені үшін аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлына ризашылықтарын білдірді.

20240301161842_IMG_5982

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале