12.07.2023, 16:15
Оқылды: 1

Казталов ауданы: Өрттен зардап шеккен науқасқа көмек көрсетіледі

Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов Болашақ ауылдық округінде орын алған өрттен зардап шеккен науқаспен жүздесті. Казталов аудандық ауруханасында ем алып жатқан науқасқа өртті ауыздықтауға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, облыс әкімінің де алғысын жеткізді.

IMG-20230711-WA0082

10 шілдеде сағат 13:00 шамасында Болашақ ауылдық округінің аумағынан өрт шығып, қызыл жалын 11 шілде күні  сағат 06:40-та  толық өшірілді. 4800 гектар аумақты шарпыған өртті сөндіруге жалпы 91 адам, 22 техника жұмылдырылды. Қызмет бабында аталған компанияның өрт сөндіру көлігінің жүргізушісін күйік шалып, Казталов аудандық ауруханасына жеткізілген.

ЖП ОРТ

- 10 шілде күні кешкі сағат 22:00-де Казталов аудандық ауруханасына Болашақ ауылының 1973 жылғы азаматы келіп түсті. Науқасты өрт сөндіру кезінде күйік шалған. Ауруханаға жеткізілген кезде науқасқа иықтың сыртқы бетінің, білектің екі жағында, қолдың сыртқы бетінің, белдің 2-3 дәрежесінде термиялық күйік диагнозы қойылды. Күйіктің көлемі 20-22% құрайды. Қазіргі уақытта науқас аурухананың хирургия бөлімінде стационарлық ем алып жатыр, - деді Казталов аудандық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ануар Сапаров.

FB_IMG_1689090576586

Аудан әкімі науқасқа жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтіп, мердігер мен аурухана басшылығына қажетті шараларды қолға алуды тапсырды. Қазір өрт орын алған аумақта кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай толық бақылауға алынды.

Айта кетейік, өртті сөндіруге жергілікті ауыл тұрғындары, көршілес ауылдық округтердің азаматтары да өз үлестерін қосты.

 

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале