24.02.2022, 12:50
Оқылды: 60

Казталов ауданы төтенше жағдайларға төтеп беруге дайын

Бүгін Казталов ауданы әкімі Альберт Есалиевтің төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, комиссия мүшелері, округ әкімдері қатысты.

IMG_5994

Аудандағы төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында өткізілген комиссия отырысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ерген Тасқалиев 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы, «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар Жол картасын» жүзеге асыру барысы және 2021-2022 жылдардағы қысқы және жылыту маусымдарының өтуі туралы баяндады. Оның сөзіне сүйенсек, аудан көктемгі су тасқынына және оның салдарынан туындайтын төтенше жағдайларға дайын.

-Бүгінгі таңда округ әкімдерімен аудандық маңызы бар жолдар бойындағы және ауыл ішіндегі арықтар мен су өткізу тұрбаларын тазалау жұмыстары басталып кетті. 21 ақпанда аудан әкімдігі алдындағы орталық алаңда көктемгі су тасқынына дайындықты тексеру мақсатында техникалар мен құралдар әкелініп, тексеріс өткізілді. Сап түзеуге Казталов мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2 дана водовоз бен 3 трактор және 1 мотопомпа, аудан әкімідігі былтыр сатып алған 4 дана жаңа мотопомпасы мен 500 дана қапшығы, аудандық №11 өрт сөндіру бөлімінде 2 дана мотпомпасы тексеріліп, жұмыс күйінде екендігі анықталды. Бұдан бөлек №11 өрт сөндіру бөлімінің тағы 1 дана мотопомпасы бар болса, Жалпақтал ауылындағы №17 өрт сөндіру бөлімінде 3 дана және 1 тіркемелі мотопомпа жұмыс жасап тұр, - деді Ерген Тасқалиев.

IMG_5993

Жиында аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Артур Берденов аудандағы газ техникалық инспекциясының жұмысы туралы мәлімдеме жасаса, аудандық сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Әділжан Өтебаев сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және «Қазақстан Республикасының 2021-2023 жылдарға арналған сейсмикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету бойынша жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешені» Жол картасын орындау туралы баяндады. Қос бөлім басшысы да өз салалары бойынша ауданның төтенше жағдайға дайын екендігін жеткізді.

Комиссия отырысында қаралған мәселелер және айтылған ұсыныстарды ескере отырып, аудан әкімі Альберт Есалиев тиісті мекемелерге тапсырма беріп, хаттамаға айтылған ұсыныстарды енгізуді тапсырды. Сонымен қатар күн тәртібінен тыс қаралған электр желілерін жаңарту жұмыстары мәселесі бойынша тиісті жұмыстарды қолға алу керектігін атап өтті.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале