Казталов ауданы Әжібай ауылында мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған 2006 жылғы түлектер мен 40 жыл толған 1986 жылғы түлектер ауылдың көркін ашатын ерекше тарту жасады.

2006 жылғы мектеп түлектері Әжібай мәдениет үйі саябағына елдік пен бірліктің символы саналатын Ту тұғырын орнатты.

Ал 1986 жылғы түлектер туған ауылына ерекше сый ретінде ұлттық болмысты дәріптейтін «жартылай киелі киіз үй» тарту етті. Киіз үй тек көрнекілік емес, түрлі басқосулар мен мәдени шараларға қызмет етпек.

Бұл игі істер – туған жерге деген сүйіспеншіліктің, елге деген адалдықтың айқын дәлелі. Әр жылдардағы түлектердің осындай ортақ бастамасы ауылдың көркіне көрік қосып қана қоймай, жас ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.
Мейірім Парасат,
Казталов ауданы