27.03.2024, 0:16
Оқылды: 65

Казталов ауданы: жаңажолдық жігіттер такси қызметін екі күн тегін ұсынды

Мұсылман мүміндердің қасиетті Рамазан айында Казталов ауданы Жаңажол ауылының жайсаң да жомарт жігіттері өздерінің тікелей бастамаларымен қайырымдылық іске мұрындық болып, 2024 жылдың 25-26 наурыз күндері Жаңажол-Орал, Орал-Жаңажол бағыттарына такси қызметін тегін ұсынды.

IMG-20240326-WA0105

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Жаңажол, Әбіш, Көмекші, Таңат елді мекендерінің тұрғындарын белгііленген кесте бойынша өздерінің жеке көліктерімен қаламен екі ортаға екі күн бойына тегін тасымалдаған Сәбит Жасталапов, Еркеғали Айболатов, Мерхат Айтболатов, Мейрамбек Ақкереев, Меңдібек Ақкереев, Алмас Сәлімгереев, Карл Мыңбаев, Болатбек Зейнуллин, Манас Болатов, Аманжол Хитаров ауылдастарының зор алғысына бөленді.

Екі күн қатарынан такси қызметін тегін көрсеткен жоғарыда аттары аталған атымтай азаматтарға ауылдастар ризашылығын жеткізе отырып, осындай игі бастамалар ауданымыздың басқа да ауыл тұрғындарына үлгі болса деген базынамызды жеткізуді жөн санадық. Қамқорлық жасап, бір-бірімізге жарыса көмектескенге не жетсін?!

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале