17.01.2024, 14:45
Оқылды: 337

Казталов ауданында 22 тұрғын үйдің кілті табысталды

Бүгін Казталов ауданының Казталов, Жалпақтал, Жаңажол, Болашақ, Талдықұдық, Қараөзен, Қошанкөл ауылында салынған 22 тұрғын үйдің кілті табысталды.

казталов дом (6)

Казталов ауданы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үйлер сатып алу үшін республикалық бюджеттен 192 млн теңге бөлініп, аудан бойынша 22 тұрғын үй сатып алынды. Сатып алынған тұрғын үйлер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы кезекте тұрған тұрғындарға берілді.

казталов дом (7)

- Бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Маңайындағы адамдарға мейірімділік пен ізгілік таныту - адамгершіліктің белгісі. Қайырымды болу - адамның болмысына біткен ізгі амал. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірлерді дамыту, ауылдық елді мекендерді гүлдендіру мақсатында бірқатар бағдарлама жүзеге асып жатыр. Соның нәтижесі кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй сатып алынып берілді. Қазіргі таңда ауданда 550 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Сатып алынған тұрғын үйлер 4 санат бойынша кезекте тұрған 22 жерлесімізге берілді. Бүгінгі пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтаймын! Жаңа баспаналарыңыз татулық пен берекенің ордасы болып, қуаныш пен бақыт, құт пен ырыс салтанат құрсын! - деді аудан әкімі Асланбек Сарқұлов.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

казталов дом (1) казталов дом (2) казталов дом (3) казталов дом (4) казталов дом (5)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале