30.06.2026, 17:15
Оқылды: 7

Казталов ауданында БАҚ қызметкерлері марапатталды

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов ауданның ақпарат саласында еңбек етіп жүрген журналистерді қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

image-30-06-26-10-12

Кездесу барысында аудан басшысы журналистиканың қоғамдағы маңызына тоқталып, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ, өңірдің тыныс-тіршілігін, атқарылып жатқан жұмыстар мен ел өміріндегі оң өзгерістерді халыққа уақтылы әрі шынайы жеткізіп жүрген қалам иелерінің еңбегіне ризашылығын білдірді.

– Аудан айнасына айналған «Ауыл айнасы» аудандық қоғамдық-саяси газетінің 95 жылдық тарихы – сөз бостандығына, шынайы журналистикаға деген адалдықтың айқын үлгісі. Тілшілік тағдыр – жауапкершілігі жоғары, ізденіске, шынайылық пен адалдыққа негізделген қызмет. Қаламдарыңыз ұшталып, еңбектеріңіз әрдайым ел игілігіне қызмет ете берсін! – деді аудан әкімі.

Қабылдау барысында БАҚ саласының дамуы, қазіргі ақпарат кеңістігіндегі журналистиканың жауапкершілігі, өңірлік ақпарат құралдарының қоғамдағы орны жайында да пікір алмасты. Аудан басшысы «Ауыл айнасы» ұжымының қызметкерлеріне шығармашылық табыс тілеп, марапаттады.

 

Жайна Қабиболла,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале