10.11.2021, 17:45
Оқылды: 64

Казталов ауданында қауіпсіздік шаралары пысықталды

Казталовта аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен кезекті оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығу барысында жылыту қазандығы жарылған кездегі және көгілдір отынның жарылу аймағындағы іс-әрекеттер пысықталды.

BF02474C-DD74-4E66-A24D-3EC08EAA9449

Аудан жұртышылығын өрттің алдын алуға үйрету және күштік құрылымдардың оқыс оқиға кезіндегі әрекетін пысықтау мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығу ауданымыздағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау майоры Ерген Тасқалиев мұндай оқу-жаттығулар жиі өткізіліп тұратындығын жеткізді.

E21F2882-B469-4E1D-8DA3-F58898E0B1BE

- Ауданымызда түрлі оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін. Мәселен, өрттің шығуы, жарылыс, террористтік оқиғалар және өзге де оқыс жағдайлар орын алған жағдайда аудан халқы сабырсыздық танытпай, жедел әрекет ете білуі керек. Біз төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғындарға осы бағытта үнемі түсіндіру жұмысын жүргізіп тұрамыз. Ал оқу-жаттығудың өтуі қауіпсіздік шараларын қолға алып, күштік құрылымдардың оқыс оқиға орын алған жағдайдағы әрекетін пысықтау мен оқыс оқиғалардың алдын алуға бағытталады. Сондықтан, алдағы уақытта да бірқатар оқу-жаттығу жиындары өткізіліп, қауіпсіздік шаралары пысықталып тұратын болады, - деді бөлім басшысы.

7B069301-D89D-4F25-BCB2-2EA74706CEFF

630F9977-C5DD-4742-9BA6-F3D380936608

501163E9-D4B8-4BB2-9B7D-8FD920C6AABE
Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале