7.07.2026, 23:00
Оқылды: 5

Қазталов ауданында қоғамдық кеңес өтті

Қазталов ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы Самат Хасановтың жетекшілігімен кезекті отырыс өтті.

image-07-07-26-07-11-4

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, салалық бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде қоғамдық кеңес мүшелері үш негізгі мәселені талқылады. Алдымен аудан әкімінің «Казталов ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» №1 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бұдан бөлек, жиында аудан аумағындағы газдандырылмаған нысандардың жай-күйі сөз болып, оларды кезең-кезеңімен көгілдір отынға қосу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды. Сондай-ақ қатысушылар өзге де өзекті ұсыныстарды қарап, өз пікірлерін ортаға салды.

Жиын қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктелді.

Жайна Қабиболла,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале