17.07.2026, 16:00
Оқылды: 11

Казталов ауданында қызметтік әдеп пен заң талаптары түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Казталов ауданында мемлекеттік қызметшілерге арналған тәжірибелік форматтағы оқыту іс-шарасы өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын нақты қызметтік жағдайлар арқылы түсіндіріп, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткен іс-шараға Департамент басшысы Мұрат Байсалов, аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, ауылдық аудандық дербес бөлімдердің басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. 

image-17-07-26-12-15-1

Кездесу барысында күнделікті қызметте кездесуі мүмкін жағдайлар негізінде әзірленген кейстік жағдайлар талқыланды. Қатысушылар әрбір жағдайды жан-жақты саралап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, қызметтік әдеп қағидаларын орындау, мүдделер қақтығысының алдын алу және заң талаптарын тәжірибеде дұрыс қолдану мәселелері бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

image-17-07-26-12-15

Практикалық мысалдар арқылы мемлекеттік қызметте орын алуы ықтимал тәуекелдерге құқықтық баға беріліп, оларды болдырмаудың тиімді тетіктері түсіндірілді.

 

Әдемі Жасұланқызы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале