1.05.2021, 19:53
Оқылды: 68

Казталов ауданында "Менің аулам - менің бағым" жобасы жандануда

Қазақстан - қызғалдақ пен алманың тарихи отаны екенін бәрі біледі. Керек десеңіз, әлемге әйгілі Алматының апортын мақтанышпен айта аламыз. Алмасы мен шиесін шелектеп жинайтын алма бақтары біздің де өңірде болғаны рас. Тек уақытында күтімсіз қалған бақтың жеміс ағаштары жабайыланып, бақтарымызға көкөніс қана егіп келдік.

20210501_194510

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің бастамасымен көтерілген "Менің аулам - менің бағым" жобасы ауылдың біраз азаматтарын ойландырғаны жасырын емес. Ауданымыздың атқамінер азаматтары да кеңесе келе, бұрынғы алма бақтарын жандандыруды жөн көрді.

20210501_194447

Осы жоба аясында Қайыңды ауында орналасқан балалар жазғы демалыс лагеріндегі алма бағына 100 түп алма, 50 түп шие отырғызылды.

IMG-20210501-WA0048

Бәрін басынан бастасақ, 30 сәуір күні аудан әкімінің орынбасыры Рүстем Зұлқашев бастап, аудандағы ауылшаруашылық саласы құрылымдарында қызмет атқарып жүрген азаматтар мен Қайыңды ауылының тұрғындары қолдап, Қайыңдыдағы алма бағына барды. Иә, кезінде бұл бақта алма теректері жайқалып, жемісіне аудан халқы қарық болған екен.

20210501_194500

- Мақсатымыз алма бағын жандандырып, туған ауылдың табиғатын қалпына келтіру, ауылдың көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына дем беру. Бүгін осы баққа 100 түп алма, 50 түп шие ектік. Сонымен бірге бақтағы бұрынғы 27 алма ағашына жаңарту жұмыстарын жүргіздік. Алдағы күндері баққа тамшылап суару жүйесін де іске қосатын боламыз. Туған ауылының дамуына үлес қосып жүрген және алма түптерін сатып алып, жанашырлық танытқан "Әділхан" шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан Досаханов пен "Жасқанат" шаруа қожалығының жетекшісі Жарас Абдрахмановқа алғыс айтамыз. Сонымен бірге бақта жеміс ағаштарын егуге келген ауылшаруашылық саласының мамандары мен ауыл тұрғындарының да еңбегі зор. Осындай көпке үлгілі, ынтымақты ісіміз нәтижелі болса алма бағы болашақта жайқалады, - деді Рүстем Мүлкайұлы.

20210501_194525

Ел азаматтарының басын біріктіріп, туған жердің көркеюіне үлес қосқан игі іс көпке үлгі болмақ.

Қайрат Жақып
Казталов ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале