12.12.2020, 15:10
Оқылды: 79

Казталов ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде

Биылғы сайлаудың ерекшелігі бұрын соңды қолданыста болмаған саяси терминдердің қалыптасуы. Мәселен, сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясы «канвассинг» ұғымын негізге алмақ. Канвассинг – бұл партия жақтастарын жекелеп тарту немесе «Үміткер – қонақта» деген ұғымды білдіреді.

IMG_8120

Осы мақсатта 12 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жадыра Тілеубаева аудан тұрғыны, еңбек ардагері Тұрақбай Дүйсеновтың шаңырағына арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Үгіт-насихат жұмыстары барысында үміткер Жадыра Жұмабайқызы атаулы отбасыға сайлаудың маңыздылығын түсіндіре отырып, өзінің сайлауалды бағдарламасы төңірегінде атқарылатын жұмыстарды да атап өтті. Сонымен қатар отбасы мүшелерін сайлау науқанына белсене атсалысуға шақырды.

IMG_8124

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының партия тарапынан қолға алынып жатырғандығы Тұрақбай ағаның отбасының да көңіліне қонып, партия өкілдері мен үміткерлерге өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале