20.03.2024, 19:21
Оқылды: 19

Казталов ауданында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті

Бүгін Жалпақтал ауылындағы мәдениет үйі алдындағы орталық алаңда «Айбын» спорт клубы мен Жалпақтал балалар жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен еліміз бойынша жоспарланған «Наурызнама» онкүндігі аясында ұлттық спорт түрлерінен (садақ ату, білектесу, арқан тарту) жарыстар өтті.

20240320_113642

Оған ауыл тұрғындары мен мекеме-ұйым командалары қатысып, Наурыз мейрамы қарсаңындағы жерлестердің көңіл күйін жадыратты.

Тартысты өткен мерекелік жарыстардың қорытындысымен төмендегі командалар мен жеке спортшылар жүлдегерлер қатарынан табылды.

IMG-20240320-WA0032

Арқан тартудан Жалпақтал полиция бөлімі командасы — І орын, Жалпақтал БЖСМ командасы — ІІ орын, Жалпақтал газ шаруашылығы командасы ІІІ орын иеленді.

Білектесуден Қуандық Молдағалиев — І орын, Елжан Хасанов — ІІ орын, Серік Қайырғалиев — ІІІ орын иеленсе, садақ атудан

Мерхат Алмасов — І орын, Нұрбол Махамбетұлы — ІІ орын, Жандос Жексенбаев — ІІІ орынды иеленді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале