19.10.2021, 22:43
Оқылды: 76

Казталов ауданында үздік құтқарушылар марапатталды

Бүгін Казталов ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Құтқарушылар күні» кәсіби мерекесіне орай жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Қадер Нұрғалиев, Казталов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау майоры Ерген Тасқалиев, ұстаздар, төтенше жағдай қызметкерлері, патриот жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

7D33B761-9068-4527-B665-4A3BFA0B2C02

Жиында Казталов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау майоры Ерген Тасқалиев аудандағы төтенше жағдайдың алдын алу шараларымен таныстырды.

Аудан әкімінің орынбасары Қадер Нұрғалиев төтенше жағдай қызметкерлерін кәсіби төл мерекелерімен құттықтай отырып, жылы лебізін білдіріп, бірақатар мерекелік марапаттарды табыс етті.

AEFFE1A7-8FB6-4E42-8161-41A3EB086A2D

Жиын барысында Казталов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Сатыбалды Қалимоллаұлы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хатымен, А. Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің оқытушысы Саясат Ахметқалиұлы, аудандық балалар және жасөспірімдер туризмі мекемесінің әдіскері Қажымұрат Жексенбайұлы, Тереңкөл ауылдық округінің әкімі Сабыржан Мержанұлы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің инспекторы Аслан Нұржанұлы, «Ауыл айнасы» аудандық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Асылбек Нәсіпқалиұлы Казталов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі басшысының алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, жуырда ғана өткен «Жас құтқарушылар» облыстық сайысының жеңімпаздарына сыйлықтар табысталды.

E0C6C55B-1BE5-48D5-A9B9-0E8641C8C861

Ауданымыздың атынан бақ сынаған А. Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шеберліктерін көрсетіп, жүлделі І орынды иеленген болатын. Енді жас құтқарушыларымыз сайыстың республикалық кезеңінде бақ сынайды.

Айта кетейік, 1995 жылғы 19 қазанда Төтенше жағдайлар қызметі құрылды. Осы күн Қазақстан Республикасы Президентінің №2541 Өкімімен «19-қазан – Құтқарушылар күні» деп ресми түрде жарияланды.

Бекарыс Әбіш,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале