9.07.2026, 11:45
Оқылды: 7

Казталов ауданында жаңа ауыл әкімі қызметіне кірісті

Казталов ауданы Болашақ ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының №51 шешімімен Казталов ауданы Болашақ ауылдық округі әкімі Ержалғас Ишанов болып тіркелді. 
image-09-07-26-11-26-3
Аудан әкімінің орынбасары Айдар Менеев округ әкімі болып сайланған Ержалғас Ишановты округ активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Темірғалиев комиссияның шешімімен таныстырып, Ержалғас Жанболатұлына ауылдық округ әкімінің қызметтік куәлігін табыс етті. Ержалғас Жанболатұлы 1990 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген.
image-09-07-26-11-26
Білімі жоғары, 2012 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша тәмамдаған.
image-09-07-26-11-26-4
Еңбек жолын 2011 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы «Жаиксельстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшысы қызметінен бастаған.
2014-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы «Маштак-пром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс жұмыстарының мастері;
2015-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық пошта байланысы торабының операторы;
2016-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылдық округі әкімінің аппаратының статисті;
2017-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
2018-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
2019-2025 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;
2025 жылдан күні бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келеді.
image-09-07-26-11-26-1
Отбасылық жағдайы: Үйленген, бір ұлы бар.
«Ауыл айнасы» ақпарат
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале