13.03.2023, 16:30
Оқылды: 24

Казталов ауданында жедел штаб отырысы өтті

Бүгін Казталов ауданының Жалпақтал ауылында тасқын судың алдын алу мақсатында ауданы әкімдігі жанынан құрылған төтенше жағдайлар және оның алдын алу жөніндегі жедел штабтың комиссия отырысы өтті.

IMG-20230313-WA0037

Комиссия отырысында Қараөзенге Ресейден жіберіліп жатқан ағын судың көлемі, өзен бойында орналасқан елді мекендердегі тасқын судын алдын алу жұмыстары, өзен арналарында орналасқан бөгет, қақпалардың жағдайы және жоспарлы жұмыстар талқыланды.

20230313_124940
Комиссия отырысына Казталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашев төрағалық жасап, аудан әкімінің орынбасарлары, округ әкімдері, салалық бөлім басшылары, қоғамдық кеңес, қауымдастық мүшелері, ауыл белсенділері қатысты.

Отырыста сөз алған аудан әкімі Рүстем Мүлкайұлы:

— Бүгінгі таңда Сарыөзен өзенінде жағдай бір қалыпты. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жоғарғы жақтан Сарыөзенге секундына 60  текше метр келіп жатса, Қараөзенге Орлов-Гай су қоймасынан секундына 850 текше метр, Преузенский су қоймасынан секундына 110 текше метр су жіберілуде. Бұл Қараөзен бойындағы Жалпақтал, Қараөзен, Көмекші, Сатыбалды, Бостандық, Қарасу ауылдарын тасқын су басу қаупі бар деген сөз. Жоғарыдан жететін ағын судың жылдамдығы қатты. Жалпақтал, Қараөзен ауылдарында алдын алу жұмыстарын ұйымдастырып жатырмыз. Дегенмен, барлық жағдайға дайын болуымыз керек. Сол үшін ауданымызда төтенше жағдай жариялауды ұсынамын, - деді.
Төтенше жағдайларға қатысты комиссия отырысына қатысушылар орын алып отырған жағдайға қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Атап айтсақ, ақсақалдар қауымы өзен бойындағы бөгеттердің барлығын бірдей ашпауды ұсынды. Әсіресе, автобаза бағытындағы бөгетті аршыса, өзен деңгейі бірден түсіп кететінін айтса, кейбір ауыл тұрғындары бұл ұсынысты қолдамады. Олардың айтуынша, өзенде мұз кептелісі болса, Жалпақтал, Қараөзен ауылдарын су басып қалу мүмкін. Сол кезде бөгеттерді аршу қиын болатынын жеткізді.
Сондықтан көктемгі тасқынның жүру барысын тұрақты түрде қадағалай отырып, төтенше жағдайларға арналған арнайы техникаларды тиімді пайдалану арқылы қажетті жайылым жерлерге су шығаруды қамтамасыз ету керек екені баса айтылды.
Отырыс барысында айтылған ұсыныс-пікірлер толықтай хатталып, іс жүзінде жүйе-жүйемен жүзеге асатын болып шешілді.
Отырыс соңында аудан әкім төтенше жағдай жариялануына байланысты тиісті тапсырмалар жүктеді.

 

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

20230313_140610 20230313_140501 20230313_140600 20230313_124454

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале