30.04.2022, 18:12
Оқылды: 63

"Казталов барысы" үздік палуандарды анықтады

Бүгін аудандық "Айбын" спорт клубы мен аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен қазақ күресінен "Казталов барысы - 2022" ашық біріншілігі өтті. Тартысты әрі қызықты өткен жарыста 11 ауылдық округтен мықты деген 20 палуан бақ сынасты. Иә, байрақты бәсекеде қара күш иесін анықтау оңайға түспеді.

3DE25D2B-8412-47C7-8219-FCEE0965C3E9

Кезінде кең даланың жазық төсінде атой салған Балуан Шолақ пен күллі Еуропаны өзіне қаратқан Қажымұқандай тегеурінді алыптарымыз қазақ күресінің атағын шығарды. Ұлттық спортымыздың қандай екенін көпке танытып, талайды таңдай қақтырды. Міне, осындай тау тұлғалардың ұрпағы саналатын қазақ жігіттері ортамызда жүр.

90AAB8A7-391A-48E1-AECB-9DF906E62FC8

Жарыста сөз алған аудан әкімі Рүстем Зұлқашев арнайы құттықтауын жолдап, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Әр ауылдан келген құрыш білекті палуандар туған жерінің намысын қорғау үшін барын салды. Жарыс нәтижесінде Жалпақтал ауылынан келген Асылхан Өтебаев қола жүлдені қанағат тұтса, ІІ орынға Көктерек ауылының намысын қорғаған Бекайдар Меңдешов тұрақтады. Ал жүлделі І орынды иеленіп, «Казталов барысы» атанған Жаңажол ауылының азаматы Жасталап Мақсотов облыстық кезеңге жолдама алды.

5B3B16DC-6C71-4A10-B678-930C0A0FA83D

Жүлделі орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінген палуандарды жеңістерімен құттықтаймыз! Ұлттық спортымызды насихаттап, саламатты өмір салтына баулитын осындай игі шаралар ауданымызда жалғасын таба берсін демекпіз!

Айта кету керек, "Айбын" спорт клубының ұжымы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, демеушілік білдірген ауданның жаны жомарт азаматтары Мерхат Ибатовқа, Абылай Шакуовқа және Дулат Рахматуллинге ризашылықтарын білдіреді.

 Әсем Болат,

Казталов ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале