28.08.2026, 15:15
Оқылды: 8

Казталов командасы облыстық волейбол турнирінде күміс жүлде иеленді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Тасқала ауданында волейболдан облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтары қызметкерлері арасында ашық турнир өтті.

image-28-08-26-02-22 (1)

Спорттық бәсекеге облыстың бірқатар аудандарынан командалар қатысып, волейбол алаңында өзара мықтыны анықтады. Турнир барысында командалар тартысты ойын көрсетіп, әр кездесуде жеңіске жетуге бар күшін салды.

Жарыс қорытындысында Казталов ауданының командасы жүлделі ІІ орынға ие болып, күміс жүлдені иеленді. Команда ойыншылары жарыс бойы ұйымшылдық танытып, өзара үйлесімді ойын көрсете білді.

image-28-08-26-02-22-1

Турнирде Казталов командасының ойыншысы Мусагалиев Айбек те жақсы қырынан көрініп, «Үздік қорғаушы» номинациясына лайық деп танылды.

Ашық турнир жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтар қызметкерлерінің басын қосып, спорт арқылы өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, мұндай жарыстар қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді.

 

Жайна Қабиболла,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале