24.05.2025, 0:00
Оқылды: 70

Казталов мектеп-лицейінің түлектері қанат қақты

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, Казталов мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздардың ойы толып, бойы өсіп, бүгін міне үздік мектептің түлегі атанды.

Білім мен шабыттың мекеніне айналған білім ордасы Казталов мектеп-лицейінде де бітіруші түлектерге арналған салтанатты кеш өтті.

FB_IMG_1748005135297

Әрине, 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебіне, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттеріне деген қимастық сезімі жанарларына байқалып тұр. Бұл күн мектеп түлектері үшін мәңгі есінде қалары сөзсіз.

Шара барасында қос ұстаздарымен бастауыштағы ұстаз Бектенова Әсем Халыбекқызы мен сынып жетекшісі Бектенова Әсел Халыбекқызы/
жаратылыстану-математика бағытындағы 11 «а» түлектері, сондай-ақ қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11 «б» сыныбының түлектері /бастауыштағы ұстазы Букешева Әсел Ерболатқызы мен сынып жетекшісі Гизатуллин Абзал Гиззатоллаұлы/ ортаға келді.

Батыс Қазақстан облысы, білім саласындасапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Бақытова Алтынғаным Бақытқызы сөз алып, мектеп ұжымына оқу-ағарту министрлігінің аманатын табыстады. Сонымен қатар салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Қайрлиев Серік Ерболатұлы биылғы мектеп бітіруші түлектерге сәт-сапар тілеп, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызының атынан 2024-2025 оқу жылында республикалық пән олимпиадасынан, ғылыми жобалардан жүлделі орын алған оқушыларға және ата-аналарға алғысхат табыс етті.

FB_IMG_1748005142606

Шара барысында үздік аттестат иегері Гилимова Аягөз алтын ұя мектебі мен ұстаздарына деген алғысын білдірді. Бұл сәтте түлектер вальсі де биленді.

Әр түлектің жанарында Алтын ұя мектебі мен ұстаздарына деген қымбат та қимас, жүрек тебірентерлік сезім жатыр…

Жұлдыз Асқар
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале