4.07.2019, 10:05
Оқылды: 251

Қазталов пен Жалпақталда екі қабатты үй салынуда

Қазталов ауданындағы «Жұлдыз», «Сакрыл», «Мамай» суландыру жүйелерінің қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған еді.

Бүгінде жүйенің қайта құру жұмыстары қолға алынды. Қарқынды жұмыс барысын көзімен көрген өңір басшысы «Қазсушар» мекемесінің өкілдеріне тиісті тапсырма жүктеп, жан-жақты зерттеуден өткізуді тапсырды.

qaztalov (12)

Биыл ауданда шөп шығымы орташа. Кейбір ауылдық округтерде көктемгі жауын-шашын молынан түссе, шабындықтары көлтабандарға тікелей тәуелді аумақтарда шөптің шығымы төмен. Қыста қар қалың түсіп, көктемгі жаңбыр мол болған аудан орталығындағы шабындықтарда шөп шығымы жаман емес.

Аудан орталығынан 10 шақырым жердегі «Алға» шаруа қожалығы қысқы мал азығын дайындау үстінде. Шаруашылыққа ат басын бұрған облыс әкімі жас та болса іскер, қожалықтың жетекшісі Айсұлтан Сағынғалимен әңгімелесті.

Өңір басшысы аудан орталығында салынып жатқан 12 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын көрді. Қос қабаттан тұратын үй құрылысына 122 млн. теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «БатысКотлоМонтаж» ЖШС жүргізуде.

qaztalov (7)

Айта кетейік, дәл осындай 12 пәтерлік 2 қабатты үй Жалпақтал ауылында да салынуда.

Мұнан кейін облыс әкімі аудан орталығындағы апатты деп танылған Алма Оразбаева атындағы мектепке барды. Апатты ғимаратты көріп, мектеп ұжымымен кездескен Ғали Есқалиев жаңадан салынатын 600 орындық мектептің жобасымен танысты.

qaztalov (4)

Құрылыс нысандарын аралағаннан кейін облыс әкімі аудан активімен кездесті. Актив жиынында Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасап, атқарылар жобалар туралы айтты.

qaztalov (6)

Жиында облыс әкімі ауданға сайланған өзінің қоғамдық өкілдері Қабиболла Жақыпов пен Айдар Батырхановты таныстырды.

qaztalov (13)

Кездесуден соң облыс басшысы тұрғындарды жекелей мәселелерімен қабылдады.

qaztalov (8)

Қайрат Жақып

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале