13.04.2020, 19:31
Оқылды: 147

Казталов жұртшылығы блокбекеттегілерді қолдау шараларына белсене қатысуда

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен "Nur Otan" партиясының бастамасымен ұйымдастырылып отырған республикалық "BIZ BIRGEMIZ" акциясы Батыс Қазақстан облысында да сәтті жалғасуда.

2920F131-42B9-436E-AD75-272CA9721495

Казталов ауданына қарасты  Талдыапан ауылдық округі аумағындағы Казталов-Жалпақтал-Ақжайық тас жолындағы санитарлық блокбекетте белсенді еңбек етіп жатқан полиция, аурухана, әкімшілік қызметкерлерін тәулік бойы ыстық тағаммен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бастамасы ауыл тұрғындары арасында кеңінен қолдау табуда. Оған жергілікті жердегі Жалпақтал, Талдыапан әкімдіктері мен Жалпақтал полиция бөлімінің жеке құрамы мейлінше атсалысып, қолдау көрсетіп келеді.

005A740D-E56F-4719-AE5B-81875C6ACA3B

Ел игілігі жолында уақытпен санаспай, тынымсыз еңбек етіп жатқан ауылдастарының өлшеусіз еңбегіне жеке бастамаларымен үлес қосып, біркүндік ыстық тағаммен қамтамасыз етуді қолға алғандардың қатарында Жалпақтал ауылының жеке кәсіпкері Аманжол Хайруллин мен Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің өсімдік қорғау және карантин мамандығы факультетінің 3-курс студенті, талдыапандық Арайлым Қожабаева да бар.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале