18.06.2026, 21:30
Оқылды: 5

Қазталовта 26 түлекке «Алтын белгі» табысталды

Қазталов ауданында 2026 жылдың «Алтын белгі» иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

image-18-06-26-08-03

Шараға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов пен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Джангереева қатысты. Биыл аудан бойынша 338 түлек мектеп бітірсе, соның ішінде 26 оқушы үздік үлгерімі мен білім жолындағы табандылығының нәтижесінде «Алтын белгі» иегері атанды.

image-18-06-26-08-04 image-18-06-26-08-04-1

Жас түлектерді маңызды белесімен құттықтаған аудан әкімі Асланбек Сарқұлов білімді ұрпақ мемлекеттің мықты тірегі екенін атап өтті, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен білім саласында ауқымды реформалар жүріп жатқанына тоқталды. Аудан басшысы соңғы жылдары қазталовтық оқушылардың республикалық және халықаралық олимпиадаларда, ғылыми жобаларда топ жарып жүргенін мақтанышпен тілге тиек етіп, үздіктерге төсбелгілер мен естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар үлгілі перзент тәрбиелеген ата-аналар да аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды.

image-18-06-26-08-04-4

Марапаттау рәсімінен кейін аудан әкімі мен түлектер арасында еркін форматта ашық пікір алмасу өтті. Кездесуде жастар болашақ мамандық таңдау, өмірлік ұстанымдар мен жетістікке жету жолдары туралы сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

image-18-06-26-08-04-3

Биылғы «Алтын белгі» иегерлері:

  • А. Оразбаева атындағы мектеп: Дана Серікқызы, Аяжан Хамитқызы, Назым Қайржанқызы, Кәусар Мақсотқызы;

  • Ғ. Молдашев атындағы мектеп: Бек Айдынұлы, Динара Асылболатқызы, Гүлжан Ержанқызы, Мерей Қолғанатқызы, Бибінұр Нұрбекқызы;

  • К. Мендалиев атындағы мектеп: Сұлтан Әділжанұлы, Мақсат Халиуллаұлы;

  • Қараөзен мектеп-лицейі: Темірлан Нұржанұлы;

  • Қазталов мектеп-лицейі: Жанбота Тимурқызы, Аяулым Жәдігерқызы, Айым Бауыржанқызы;

  • Ғ. Қараш атындағы мектеп-гимназиясы: Ақнұр Жанболатқызы, Шұға Қадырбекқызы, Қарақат Дәуренқызы, Алиса Еркінқызы;

  • С. Есетов атындағы мектеп-бөбекжай кешені: Жаннұр Ергенқызы, Анора Амангелдіқызы;

  • Ғ. Бегалиев атындағы мектеп: Иманбек Асылбекұлы, Айкөркем Байболатқызы;

  • А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп-бөбекжай кешені: Шұғыла Әділханқызы;

  • Бостандық мектебі: Айару Манарбекқызы;

  • Талдыапан мектебі: Рахымжан Александрұлы.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале