19.01.2024, 23:00
Оқылды: 59

Казталовта «Ақшақар – 2024» жалауын желбіретті

Бүгін «Айбын» спорт клубы, Казталов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және аудандық балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен «Ақшақар – 2024» жалауын желбіретіп, мектеп оқушылары мен ересектер арасында қысқы спорт түрлері шаңғы тебу және шайбалы хоккейден аудандық жарыс өтті. ​

image-19-01-24-08-49

Өңірлерде қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында өткізілген жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын қолдау, командалық қысқы спорт түрлері мен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру, қысқы спортпен жүйелі шұғылдануға бағыттау, жарысқа қатысушылардың спорттық шеберліктерін шыңдау.

Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Казталов аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова:

- Спорт – ол қозғалыс. Президентіміздің жүргізіп отырған саясатының мақсаты — спорт инфрақұрылымдарын дамыту және спорт кешендерін ашу. Оның бір дәлелі ауданымызда салынып жатырған спорт кешені. Бүгінгі жарысқа қатысып жатқан қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деді.​

image-19-01-24-08-49-1

Оқушылар арасында шаңғы туризм техникасынан аудандық «Ақшақар – 2024» жарысында «Спорттық бағдарлаудан» ұлдар арасында І орын Аңсар Асқарұлы (Қараөзен мектебі), ІІ орын Нұрсейіт Жасталап (Бірік ОЖББМ), ІІІ орын Сержан Нұржан (Алма Оразбаева атындағы ОЖББМ) алды. ​

«Ақшақар – 2024» жарысында «Спорттық бағдарлаудан» қыздар арасында ​ І орын Аружан Айсағалиева ( Ғ. Бегалиев мектебі), ІІ орынды Ақкербез Тоққожа (Бірік ОЖББМ) иеленсе, Инабат Әлібек (Алма Оразбаева атындағы ОЖББМ) ІІІ орын алды.

«Ұзақ қашықтық» бойынша Казталов мектеп лицейі І орын, Алма Оразбаева мектебі ІІ орын, Бірік мектебі ІІІ орын иеленді. Тағамдар байқауында І орын Алма Оразбаева мектебі, ІІ орын Бірік мектебі, Бостандық ОЖББМ ІІІ орынды иеленді. ​

«Ақшақар – 2024» жарысына Бостандық ОЖББМ мен Ғ. Бегалиев мектебі белсене қатысқаны үшін марапатталды. Жалпы командалық есепте Бірік ОЖББМ І орын, Алма Оразбаева атындағы ОЖББМ ІІ орынды иеленсе, ІІІ орынды Казталов мектеп лицейі алды.

image-19-01-24-08-49-2

Шайбалы хоккей жарысына қатысушылар шайбаны таяқшаларымен бір-біріне белсенді түрде тапсыра отырып, оны мүмкіндігінше жиі қақпаға лақтырып, өз аумағына гол жібермеуге тырысты. Ауыл жастарынан құралған команда спорттық шеберлігінің арқасында І орын иеленді. Ал ІІ орын «Спорт» мектебі ОБЖСМ командасына бұйырса, ІІІ орынды Казталов мектеп лицейі місе тұтты.​

Казталов ауданы бойынша мекеме, кәсіпорын қызметкерлері арасында «Шайбалы хоккей» қысқы спорт түрінен сайыста үздік ойын өрнегін көрсеткені үшін Мейрам Жасталапұлы «Үздік шабуылшы», Марат Айбекұлы «Ардагер ойыншы», Елнұр Есполов «Үздік қорғаушы», Асланбек Өтебаев «Үздік қақпашы» аталымымен марапатталды.

Гүлнұр Бөлешова, 

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале