2.09.2022, 11:45
Оқылды: 50

Казталовта аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Сессияға Казталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашев, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, округ әкімдері, салалық бөлім, мекеме басшылары қатысты. Сессияға аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев төрағалық жасап, күн тәртібімен таныстырды.

IMG-20220902-WA0008

Кезектен тыс сессияның күн тәртібінде бірінші болып Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы №28-2 «Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау
және серуендету қағидаларын бекіту туралы» шешімінің және аудандық мәслихаттың «Бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының 2021 жылғы 3 наурыздағы №1-1 және 2021 жылғы 9 сәуірдегі №3-1 қаулыларының аудан көлемінде орындалуы туралы мәселе қаралды. Мәселе орындалуы бойынша аудандық ветеринариялық станция директоры Талғат Есполов және округ әкімдерінің хабарламасы тыңдалды.

IMG-20220902-WA0002
Сонымен бірге сессияда Казталов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №12-1 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгеріс енгізу жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетова баяндап, дауысқа салынды.
Күн тәртібіне енген мәселелер қатарында Казталов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 ақпандағы «Казталов ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу, «Казталов ауданының кейбір елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» бірлескен Казталов ауданы әкімдігінің қаулысы мен Казталов аудандық мәслихатының шешімін бекіту, Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №13-19 «Казталов аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу, Казталов ауданы әкімінің 2022 жылғы 9 тамыздағы №20 «Әкімдіктің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне келісім беру, Казталов ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту, Казталов ауданы әкімдігінің «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніңдегі комиссияның дербес құрамын» бекіту, Казталов аудандық мәслихатының депутаты Е.Бекмулдиннің депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселелер қаралып, депутаттар дауысына салынды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, арнайы шешімдер қабылданды.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале