24.05.2021, 9:21
Оқылды: 67

Казталовта ауыл имамына мұздатқыш тарту етілді

Казталов ауданы орталығынан шалғай орналасқан Талдықұдық ауылына имамдық лауазымға былтыр тағайындалған білімді де білікті маман, жамағат пен жергілікті әкімшілік жүйемен ортақ тіл табыса білетін кішіпейіл жан, Орал медресе колледжінің түлегі Ержан Темрешов күні кеше ғана отау құрды.

ммм

Жалпақтал мешітінің бас имамы, дінтанушы-теолог, облыс имамдарының кураторы Тілепберген қажы Нұралиев жас жанұяға ақ адал ниетпен тұрмысқа қажетті мұздатқыш сыйлады.

- «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» немесе «Кең пейілді тарылмас, тар пейілді кеңімес» деген аталы сөз бар.

Біздің мақсатымыз – жас дін қызметкерлерін тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етіп, барынша қолдау білдіріп, имамдарды ауылға тұрақтандыру. Жаңадан орналасқан ауыл имамдарын қамқорлығымызға алып, жағдайын жасау, біздің басты назарымызда, - дейді бас имам.

 

Жалпақтал мешітінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале