15.09.2020, 10:10
Оқылды: 69

Казталовта ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Таяуда Казталов ауданы орталығында Қараоба ауылдық округінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Саудасы кызган жарменке (1)

Жәрмеңке сөресіне ет, сүт өнімдері, жеміс-жидектер қойылып, қолжетімді бағамен сатылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова мен Казталов ауылдық округі әкімінің орынбасары Батырхан Байғонақов арнайы қатысып, өнімдердің сапасы мен бағаларының тұрақтылығына назар аударды.

Саудасы кызган жарменке (3)

Жәрмеңкеде ұжымдық бағытта Қайыңды ауылдық округінің әкімі аппараты мен аудандық балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар орталығы қызметкерлерінің өсірген бау-бақша өнімдері, мемлекет тарапынан кәсіп ашуға грант ұтып алған кәсіпкерлердің де өнімдері де халық назарына ұсынылды.

Алдағы уақытта жәрмеңке өткізу жалғасын таба бермек.

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале