19.09.2024, 0:00
Оқылды: 134

Казталовта бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-практикум өтті

Бүгін Ғинаят Молдашев атындағы ЖОББМ мен Кенжебек Меңдәлиев атындағы ЖОББМ базасында «Педагогтің кәсіби шеберлігі: Ізденіс. Инновация. Тәжірибе» атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-практикум ұйымдастырылып,   «Сабақ time» бөлімінде ұстаздар ашық сабақ өткізді.

IMG-20240918-WA0128

Ғ.Молдашев атындағы ЖОББМ Жаратылыстану /3  сынып/ Тақырыбы: Өсімдіктің саналуандығына адам қалай әсер етеді?, Жанаргүл Сәрсенғалиева, Жаратылыстану/4 сынып/ Тақырыбы: Тұқым қалай түзіледі? Айша Ізмағанбетова, К.Мендалиев атындағы ЖОББМ Математика /3 сынып/ «Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі» Ләззат Абилова, Әдебиеттік  оқу /4 сынып/ «Жер байлығы-ел байлығы. Мысойған» Дамира Сабырова К.Мендалиев атындағы ЖОББМ, «Top IQ» веб-платформасының ерекшелігі неде?» Эльмира Халелова/А.Байтұрсынов атындағы МБК бастауыш сынып  мұғалімі /TOPIQ цифрлық оқулықтар платформасы туралы ақпараттар беріп, оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бағытындағы жұмыстары және олимпиадаға əзірлеудің əдіс-тəсілдерімен ой бөлісті.

Айнагүл Ажимова А.Байтұрсынов атындағы МБК бастауыш сынып  мұғалімі «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетін арттыру» тақырыбында озық іс-тәжірибесімен бөлісіп, өз әдіс-тәсілдерін ортаға салды. «Білім саласындағы жасанды интеллект» Фарида Қожанова Бостандық ЖОББМ бастауыш сынып  мұғалімі, АБББ әдіскері М.Меңдіғарина «Зерттеу тәсілдері арқылы жұмыстың тиімділігін арттыру»  тақырыбы баяндамасында ғылыми ізденіске қойылатын талаптар туралы баяндады. Зерттеу жүргізу әдістері, зерттеу қисыны мен мақсаты жеке-жеке талданып, зерделенді. «Жылқы әлемі» Әйгерім Мұқсинова Қоныс жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, «Сүт тағамдарының пайдасы» Нарша Мұхамбетова, А.Хұсайнов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі зерттеу жұмыстарының нәтижесі, жаңа жоба жұмысының мазмұны және үздік педагогтердің шығармашылық жетістіктері тыңдалды.

Семинарға қатысушылар шеберлік-сыныптарынан оқытудың түрлі белсенді әдіс-тәсілдерін үйреніп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Семинар бойынша кері байланыс жасалды.

 

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале