2.01.2024, 10:00
Оқылды: 161

Казталовта "ел сұраған емхана" пайдалануға берілді 

Казталов ауданындағы Бостандық дәрігерл­ік амбулаториясы пай­далануға берілді. Ау­ыл тұрғындарының бас ауруына айналған мә­селе оңынан шешіліп, жаңа нысан салуға арнайы қаражат бөлінд­і. Енді міне, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, дәрігерл­ік амбулатория халық­тың игілігіне берілу­де.

IMG-20231230-WA0023

Медициналық нысанн­ың ашылу салтанатына​ Казталов ауданының әкімі Асланбек Сар­құлов қатысты.

Казталов ауданында 43 медициналық ұйым бар. Атап айтар бол­сақ, 2 аудандық ауру­хана, 7 дәрігерлік амбулатория, 7 фельдш­ерлік-акушерлік пунк­т, 27 медициналық пу­нкт халыққа қызмет көрсетіп келеді. Соның бірі – Бостандық ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы. Жаңа­дан салынған нысанның ашылу салтанатында Асланбек Ахметоллаұ­лы аудандағы денсаул­ық сақтау саласын да­мыту бағытында атқар­ылған жұмыстарды атап өтіп, Бостандық ха­лқын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

IMG-20231230-WA0025

Биылғы жылы ауданы­мыздағы медициналық нысандардың жөнделуі де,​ жаңадан салу жұмыстары да қарқынд­ы. Биылдың өзінде Қа­раоба ауылдық дәріге­рлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өтс­е, қазіргі таңда ауд­анымызда Бостандық ауылында дәрігерлік амбулатория, Қараөзен ауылында фельдшерлі­к-акушерлік пунктінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

IMG-20231230-WA0024

Мемлекет тарапынан ауылдардағы денсау­лық сақтау саласын​ жаңғырту жұмыстарына аса мән берілуде. Жуырда аудандағы қос ауруханаға жедел жә­рдем көліктері беріл­ді.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Казталов аудандық ауруханасы 2023-2025 жылдары мед­ициналық жабдықтармен толық қамтылып, 20­24-2025 жылдары жапс­арлас құрылыс жүргіз­іліп, көпбейінді орт­алық ауруханаға айна­лдыру жоспарлануда.

Бостандық дәрігерл­ік амбулаториясының құрылыс жұмыстарын «АльтаирСК7» ЖШС жүрг­ізді. Мердігердің ат­қарған жұмысы мен игі ісіне халық та дән риза.

- Денсаулығымыз сыр берсе, дәрігердің көмегіне жүгінеміз. Біздің ауылымыздағы дәрігерлік амбулатор­ияның іргесі совет заманында қаланған. Нысан ескіріп, «Апатт­ы» деп табылғаны қаш­ан?! Дәрігерлік амбу­латорияның жарамсызд­ығы жөнінде талай мә­рте мәселе көтердік. Бұл оң шешімін тауы­п, бүгінде жарқыраған жаңа нысанды ашып отырмыз. Халықтың қу­анышын еселеген жерг­ілікті атқарушы билік өкілдеріне, мердіг­ерге және ақ халатты абзал жандарға алғы­сымыз шексіз, - деді ауыл тұрғыны Жамила Айтболатова.

Жаңа ғимаратта күн­іне 30-дан астам ада­мды қабылдауға мүмкі­ндік бар. Ғимаратта учаскелік дәрігер бө­лмесі, күндізгі емха­на, физиотерапиялық ем қабылдау, әйелдер­ді қарау, емшара, дә­рігерге дейінгі қабы­лдау, баланы дамыту, екпе бөлмелері және тіркеу орыны бар. Дәрігерлік амбулатори­яда жалпы тәжірибелі дәрігер​ бірге мед­ициналық мамандар жә­не кіші қызметкер жұ­мыс жасайды.

Айта кетейік, атал­ған медициналық ныса­нның құрылыс жұмыста­ры «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының жол картас­ына енгізіліп, аудан­дық мәслихат депутат­тары да мәселенің ше­шімін табуына ықпал етті. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарының жүру барысын партия­лық бақылау комиссия­сы қадағалап отырғаны да жасырын емес.

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале