30.11.2019, 20:23
Оқылды: 607

Қазталовта «Halyk bank» бөлімшесі ашылды

Облыс орталығынан шалғайдағы Қазталов ауданында Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Halyk Bank» бір бөлімшесін ашып, тұрғындардың қуанышы арта түсті.

IMG-20191130-WA0120-800x534
Жаңа нысанның ашылу салтанатында сөз алған Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев:
"Құрметті аудан тұрғындары! Бүгін аудан орталығында қос қуаныштың куәсі болдық. Тұңғыш Президент күні қарсаңында Халық банкінің бөлімшесін ашып жатырмыз. Әрине, оның бәрі жеке тұлғалар үшін өте ыңғайлы. Кіші және орта бизнестің дамуына әсер ететіні сөзсіз. Егер ауылдың әлеуеті болса осындай нысандар ашылады. Сондықтан да Қазталов ауданының алдағы болашағы зор деп есептеймін. Қуаныштарыңыз құтты болсын! Бөлімше халықтың игілігі үшін қызмет ете берсін! - деді.

IMG-20191130-WA0119-800x534
- Халық банктің бөлімшесі заманауи сапа стандарттарына сай жабдықталған. Тәулік бойы жұмыс істейтін 2 банкомат орнатылған. Өзіне-өзі қызмет ету алаңымен заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін 3 касса бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да бар жағдай қарастырылған, - деді «Halyk Bank» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиал директоры Игорь Стексов.

IMG-20191130-WA0115-800x534
Аудан орталығында орын тепкен бөлімше бүгіннен бастап тұрғындарға қызмет етеді. Жаңа бөлімшеде ақша аударымы, несие төлеу, депозит салымдары сынды қызмет түрлерін тұтынушылар жоғары деңгейде пайдалана алады. Бұның бәрі бөлімше мамандарының көмегімен жүзеге асады. Банк бөлімшесінің ашылуы әсіресе зейнеткерлерге қуаныш сыйлады.

Жұлдыз Асқар
суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов
zhaikpress.kz

IMG-20191130-WA0124-800x534 IMG-20191130-WA0126-800x534

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале