15.09.2020, 10:02
Оқылды: 44

Казталовта кәсіпкерлік нысандар тексерілді

Коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық жұмыстары аясында Казталов ауданындағы кәсіпкерлік нысандарды тексеру жөнінде арнайы мобильді топ құрылып, сауда орындары, мейрамханалар мен сұлулық салондары тексерілді.

Kasipkerlik (1)

Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Арыспаевтың 2020 жылдың 17 тамызда күшіне енген «Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде бірқатар кәсіпкерлік нысандарда карантиндік талаптардың сақталмағандығы анықталды. Заң бұзушылық анықталған нысандарға ескерту берілді. Мобильді топ жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады.

Kasipkerlik (2)

 

Асылбек Байғазиев,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале