1.09.2026, 11:15
Оқылды: 18

Казталовта қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті

Казталов аудандық қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев, қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

image-31-08-26-05-49

Отырыста негізгі қаралған мәселе Казталов және Жалпақтал ауылдық округтерінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жұмыстарын жетілдіру болды.

Аталған мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Ерлан Аронов баяндама жасап, елді мекендердегі тұрмыстық қалдықтарды уақытылы әрі сапалы шығаруды қамтамасыз ету үшін арнайы техника қажеттігіне тоқталды. Осыған байланысты аудандық бюджет қаражаты есебінен лизинг тәсілімен 2 дана КАМАЗ маркалы қоқыс таситын арнайы автокөлік сатып алу ұсынысы қоғамдық кеңес мүшелерінің талқысына салынды.

image-31-08-26-05-49-3

Жаңа арнайы техниканың алынуы елді мекендердегі санитарлық тазалықты сақтауға, тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарының үздіксіздігін қамтамасыз етуге және коммуналдық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталмақ.

Мәселені талқылау барысында қоғамдық кеңес мүшелері ұсынысқа қатысты пікірлерін білдіріп, сауалдарын жолдады. Жиын қорытындысында арнайы автокөліктерді сатып алу жөніндегі ұсыныс қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.

Жайна Қабиболлақызы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале