Қазталов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің бұйрығымен Қазталов мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры лауазымына Нұрбол Букеев тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға салалық бөлім басшысы Ерлан Аронов таныстырды.
Нұрбол Сығайұлы Букеев 1994 жылы 4 мамырда дүниеге келген. Ол Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын «Махитов» ЖК-да бас инженер болып бастап, кейін «НСБ» ЖШС-да инженер қызметін атқарды. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде жастар практикасынан бастап, кейін Қазталов аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінде бас маман болды. Сондай-ақ «ЭПСМЕН ГРУПП» ЖШС-да сумен жабдықтау жүйесінің инженері болып жұмыс істеді. Ал 2025 жылдан бастап аталған Қазталов мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары және директорының міндетін атқарушы қызметтерін атқарып келді.