30.06.2026, 16:00
Оқылды: 18

Казталовта көпбалалы аналарға «Күміс алқа» табысталды

Көпбалалы аналардың қоғамдағы орны мен отбасы институтын нығайтудағы еңбегі мемлекет тарапынан әрдайым жоғары бағаланып келеді. Осы орайда Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 мамырдағы №1295 Жарлығына сәйкес, аналық парызын абыроймен атқарып, ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар аналар «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапатталды.

image-30-06-26-10-18

Осыған байланысты аудан әкімі Асланбек Сарқұлов көпбалалы аналарды салтанатты түрде қабылдап, марапат иелеріне Президент атынан «Күміс алқа» алқаларын табыстап, ақжарма тілегін жеткізіп, Казталов ауылдық округінің тұрғындары Гаухар Жұмағалиқызы Құспанова, Армангүл Насерқызы Кунакаева және Жалпақтал ауылдық округінің тұрғыны Меңдігүл Нәсіпқалиқызы Абуоваға «Күміс алқа» наградасын табыстады.

Жайна Қабиболла

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале