15.12.2017, 15:34
Оқылды: 31

Қазталовта модельді кітапхана ашылды

IMG_3780Қазталовта аудандық модельді балалар кітапханасының ашылу салтанаты өтті.

Шара барысында оқырмандар мен қонақтарға кітап көрмесі таныстырылып, Жұбан Молдағалиев  атындағы облыстық  әмбебап ғылыми кітапхана директоры Шолпан Қуанышқалиқызы «Модельді кітапхана» сертификатын кітапханашыларға табыс етті.

Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар  жүйесінің сайтын аудандық кітапхана басшысы Гүлдана Дәулетова таныстырып, «Таланты тау боп көрінсе» атты  презентация көрсетілді. Сонымен қатар  ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы мен Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесімен ғаламтор арқылы онлайн  байланысқа шығып, өзара пікір алмасты.

Салтанатты шарада әннен шашу шашылып, мың бұрала би биленіп, арнау әндер айтылып, көрініс те көрсетілді.

Гауһар ӘДІЛЖАН,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале